COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Білім ордалары арасындағы меморандум

Білім ордалары арасындағы меморандум

Халықаралық Тараз инновациялық институты және И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті арасындағы серіктестік меморандум аясында ХТИИ ректоры Е.Б.Саурықовтың қолдауымен «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының аға оқытушылары т.ғ.к. Шымыр Жалел Әбдіразақұлы және т.ғ.к. Маликтаева Пернекүл Маликтайқызы академиялық ұтқырлық аясында аталған университеттің «Инженерлік – экономикалық» факультетінің «Стандарттау, сертификаттау және метрология» бағыты бойынша 2 және 3-ші курс студенттеріне дәріс курсын өткізді.

Атап көрсетсек т.ғ.к. Маликтаева Пернекүл Маликтайқызы:
1. "Метрология" пәнінен - 32 сағат (оның ішінде 12 сағат офлайн режимінде, 20 сағат-онлайн).
2. «Сынақтарды ұйымдастыру және технологиясы» пәнінен - 32 сағат (оның ішінде 12 сағат офлайн режимінде, 20 сағат - онлайн).
т.ғ.к., Шымыр Жалел Әбдіразақұлы:
1. «Квалиметрия және сенімділік негіздері» пәнінен - 32 сағат (оның ішінде 12 сағат офлайн, 20 сағат - онлайн).
2. «Экспериментті жоспарлау және ұйымдастыру» пәнінен - 32 сағат (оның ішінде 12 сағат офлайн, 20 сағат - онлайн).

Онлайн режиміндегі сабақтар ССМ (б)1-19 және ССМ (б) 1-20 топтарының сабақ кестесіне сәйкес өткізілді.

Аталған екі ЖОО арасында Профессор оқытушылар құрамы мен студенттер арасында академиялық ұтқырлық жұмыстары нығая түспек.