Дуалды оқыту
Халықаралық Тараз инновациялық институтының “Педагогика” факультетіне қарасты “Жалпы педагогика” кафедрасы “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының ПжП 19-1 тобының студенттері дуалды оқыту келісімшарт негізінде Жамбыл облысы әкімдігі «Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық “Мейірім” арнайы түзету мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Психологиядан практикум” пәнінен оқытушы Таджикова Айгерім Жамбылқызымен бірге практикалық сабағын өткізді.