COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «UStudy» қызметкерлерімен кездесу

«UStudy» қызметкерлерімен кездесу

09.03.2022 күні Халықаралық Тараз инновациялық институты “Педагогика” факультетіне қарасты “Жалпы педагогика” кафедрасының ұйымдастыруымен «Біліктілік - білім сапасын арттырудың кепілі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс-әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады.
Бүгінгі дөңгелек үстелге қонаққа келген Жамбыл облысы «UStudy» аймақтық тестілеу орталығының директоры Абирова Ақнұр Ұлықбанқызы, Жамбыл облысы «UStudy» аймақтық тестілеу орталығының бастауыш сынып мұғалімі Абитова Айдай, Мұратбекова Арайлым, Жексенқұл Гүлім. Қатысушылар факультет деканы ф.ғ.к., Қожаева М.Т., кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Елубаева Р.С., аға оқытушылар Фатикова Н.А., Ажибаева Р.Е. және Мдт, Бопә және ПжП-18-1 топтарының бітіруші студенттері.