COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / САЯСИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТ ТҰТАСТЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

САЯСИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТ ТҰТАСТЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

30 жылдық тарихымен ерен жетістіктерге жеткен Қазақстанның тұтастығына кешегі «қаңтар оқиғасы» үлкен қауіп төндіргені рас. Халықтың бірлігі мен бейбіт өмірін сақтауға байланысты осыған дейін Президент бірнеше үндеу жасады. Еліміздің мүддесіне қарай шешім қабылдауы - Қ.К.Тоқаевтың негізгі ұстанымы. Әрине, осыған дейін «қаңтар оқиғасына» байланысты, оның зардаптары мен келтірілген шығындары турасында арнайы талдаулар жүргізіліп, кінәлілер өзінің жазасын алды, алуда, әлі де қандай қызметтің тізгінін ұстаса да айыптылар жазаланады.
Қ.К.Тоқаев: «Іштен шыққан жау жаман» демекші, халқымыз үшін аса қауіпті сын-қатер өтті. Осындай қиын-қыстау кезеңде өздерінің азаматтық қызметін адал атқарған тәртіп сақшыларына ризашылық білдіремін», - деді.
Бүгінгі Жолдауында Президент негізгі он бағыт бойынша өзінің ұсыныстарын жолдады. Жолдаудың негізгі мазмұны - еліміздің саяси жаңғыруы, саяси өмірімізді кешенді жаңғырту, Парламент қызметін күшейте отырып, сайлау жүйесін жетілдіру, саяси партиялардың жұмысын тұрақтандырып, құқық қорғау институттарын күшейту, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын құру, елдің әл-ауқатын, экономикасын көтеруге орай бастамалар. Яғни, Президенттің сөзімен айтқанда: «Көпірме сөз, бос уәде» беретін уақыт кетті, жасанды монополияларды жою керекпіз».
Жолдаудағы, әсіресе, БАҚ-ның қабілетін арттыру мәселесі ерекше көңілге қонымды. Өйткені, БАҚ – халықтың көзі мен құлағы, ел үшін идеалогиялық құрал, яғни халық пен үкімет арасындағы алтын көпір болуы тиіс. Мықты медиа – турашылдық пен адалдықтың негізі. Расында да, БАҚ – төртінші үкімет ретінде қоғамда өз орнын нықтауы тиіс.
Сонымен қатар, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын құру мәселесін қайта көтеруі – Президенттің тағы бір көрегенділігін көрсетті. «Қуатты өңірлер – қуатты ел» деген ол, Абай облысы, Ұлытау облысы, Жетісу облыстарының құрылуына ұсыныс жасауы дүйім қазақ елін дүр сілкіндіріп, ерекше қуанышқа бөлегені рас. Руханият, рухани жаңғыру мәселесін көш басына қойып отырған еліміздің қазіргі саяси тұғырынан қарағанда бұл - өте тиімді, ұтымды шешім деп айтар едім. Қазақ елінің ғана емес, Семей өңірінің барша жұртқа, бүкіл әлемге атын шығарып, шетел әдебиеті мен мәдениетінен орын тауып жатқан Ұлы һәм дана Абайдың есімі берілуі – жүрегімізге үлкен жылу, көңілімізге сенім ұялатқаны. Ұлтымыздың туристік әлеуетін арттыру, аймақтың ішкі инфрақұлымын жаңғырту мақсатында Ұлытау, Жетісу облыстарын құруы – көңілімізге қуаныш сыйлағаны рас. Ұлы тұлғаларымыздың есімін нығайту мақсатында Қапшағайға Д.Қонаевтың есімін ұсынуы, тіпті үлкен серпіліс тудырғаны жасырын емес.
Президенттің: «Мемлекет – әр азаматтың үніне құлақ асады, ел амандығы мен жер тұтастығын сақтау аса маңызды», - деуі әр азаматтың санасына үлкен сенім ұялатты.
Қорыта айтқанда, жарқын болашақты қолымызбен жасау, өзгерісті өзімізден бастау, Жаңа Қазақстанды құруға атсалысу – әрқайсысымыздың азаматтық парызымыз.

«Рухани жаңғыру және Шерхантану» ҒЗО директоры А.Т.Кембаева