COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / ЖАҢА ЖОЛДАУ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН БАСТАУЫ

ЖАҢА ЖОЛДАУ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН БАСТАУЫ

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылдың 16-сы күнгі Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – мен үшін еліміздің күрделі кезеңіндегі Ел болашағының дамуына деп жасаған Батыр Қолбасшының батыл қадамдарының бірі әрі енді жасалып жатқан жаңа ел – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ жасау БАҒДАРЛАМАСЫНДАЙ сезілді. Өйткені мұндай қадамды кешегідей болған қатерлі қаңтар оқиғасынан кейінгі уақытта бүкіл Қазақстан халқы болып асыға күткен еді. Басқаша болуы да мүмкін емес еді. Себебі Қазақстан халқы өз Президентіне сенді.
Президент сөзінде ел ісіне, оның өркендеп дамуына, халық тұрмысына қажетті көп-теген мәселелерге тоқталып, сөз етті. Айталық, бүгінде ел ішінде саяси партиялардың біреу емес бірнешеу болуы да маңызды болып отыр. Ол – халыққа қызмет етуде партиялар ісінде өзара бәсекелестікті арттырып, еліміздің қарқынды дамуына ықпал етеді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде айтылған жайлардың маңыздылығын әрі олардың бір-бірімен үйлесе орындалу қажеттілігін атап көрсетті. Мәселен, ол сөз еткен мәселелердің ішінде елдегі саяси жүйені кешенді дамыту, парламент жұмысының ролін арттыру, президент өкілеттігін азайта отырып, төменгі палата құзыретін кеңейту қажеттігі жөнінде, сондай-ақ мәслихат жұмыстарына ерекше мән беру қажеттігіне тоқталып, онда мәслихат төрағасын сайлау арқылы тағайындау керектігіне, т.б. тоқталды.
Президент «Халыққа қажетті реформалар жасау менің міндетім» дей отырып, сайлау жүйесін арттыру, ұлттық құрылтай жасау жөнінде де айтты. Қандай мәселе болмасын ел-мен ақылдасып отыру қажеттігін, журналистердің жұмыс істеу еркіндігінің болуы қажет- тігіне де тоқталды. «Ел үшін, халық үшін бұлардың бәрі де маңызды» деді. Ал бұл айтылған Президент сөзіндегі ой-пікірлер қазіргі заманғы демократиялық мазмұнға толық сай келеді.
Жаңа жолдаудағы халықтың көкейінен шыққан жағымды жаңалықтардың қатарында еліміздің әлеуметтік, аймақтық және экономикалық жағдайларға байланысты жаңадан құрылып жатқан обылыстар (Абай облысы, орталығы – Семей; Ұлытау облысы, орталығы – Жезқазған; Жетісу облысы, орталығы – Талдықорған және Алматы облысы, орталығы – Қапшағай) мен халықтың сұрауы бойынша Қапшағай қаласына қазақ халқының сүйікті ұлы, белгілі қоғам қайраткері Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаевтың атын беруді Ел Президентінің өзінің де қолдауы болды.
Қысқасы, байқағанымыз - ел Президентінің бастамасы өте ауқымды – оның Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бүкіл ел халқына жаңа міндеттер жүктейді – Ата Заңымызға отыз шақты өзгертулер жасалуы тиіс. Жыл аяғына дейін жиырма шақты заң қабылдануы керек. Ендігі жерде, біз бәріміз болып – ел болып, Жолдауда көрсетілген Президент тапсырмаларын орындауымыз керек. Ол үшін батыл аяқ басуымыз қажет. Бұл дегеніміз – Жаңа Қазақстанды жасауды бастау деген сөз. Сондықтанда мен өз басым Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасын және Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтқан сөздерінің бәрін толық қолдаймын, сондай-ақ менің бұл сөзімді өзім қызмет ететін ұжымдағы – Тараз қаласындағы – Халықаралық Тараз инновациялық институтындағы әріптестерім де толық қолдайды деп сенім білдіремін.

БЕЛБОТАЕВ АЛМАСБЕК БАТАНҰЛЫ Халықаралық Тараз инновациялық институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты