COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Сыңғырла соңғы қоңырау

Сыңғырла соңғы қоңырау

2022 жылдың 25-мамырында Халықаралық Тараз инновациялық институтының ұжымы Тараз қаласындағы Соқыр және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп-интернатының «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты мерекелік кешіне қатысты.

Институт ректоры Ерболат Байұзақұлының жеке сыйлығын тапсырған «Тәрбие жұмыстары және Саналы ұрпақ» бөлімінің бастығы Нуркина Роза Назарқызы мен филология ғылымдарының кандидаты, доцент Каракоз Тамабаева Өмірзаққызы ұжымның жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы қызметіне жетістіктер тіледі. Өмірге құштар білім алушылардың шығармашылығын қанаттандыру жолында бірлесіп жасалып жатқан іс-шаралардың жалғаса беретінін атап айтты.

Бұдан кейін сөз алған «Болашақ» мектеп-интернатының директоры Тойшыманова Гулзира Джақсыбекқызы институт ректорына деген ұжымның жеке алғыс хатын табыстады. Өз сөзінде әріптестік байланыстарымыздың нығая беретінін жеткізді.