«Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында Печа-куча форматындағы диалог алаңы өтті
2024 жылдың 4-ші мамыр күні Шерхан Мұртаза атындағы ХалықаралықТараз инновациялық институты және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен біріккен кешенді жоспар аясында «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында Печа-куча (Pecha-Kucha) форматындағы диалог алаңы өтті.
Диалог алаңының мақсаты – қазіргі заманғы жастардың жеке басының берік адамгершілік негіздері, азаматтық ұстанымы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың орнықты дағдыларын қалыптастыруға үлес қосу және тұлға бойындағы парасаттылық, адалдық, әділеттілік, сенімділік, еңбекқорлық қасиеттерді талқылау болды.
Диалог алаңының спикерлері Мағзымбеков Ерулан Сәбенұлы – Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы; Ажибаев Айбек Итқараұлы – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы; Төлеу Салтанат Ерсағатқызы – Қаратай Тұрысов атындағы №53 орта мектептің директоры; Жұбандықова Назима Норманбекқызы – «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының жетекшісі; Жолдасова Орынқыз Көпбосынқызы – Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының комплаенс-офицері адал қоғамды құрудағы ойларын ортаға салды. Студент-жастарға слайдпен сөйлеу печа-куча форматы қатты ұнады және көкейде жүрген сұрақтарға жауаптар алды.