COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында Печа-куча форматындағы диалог алаңы өтті

«Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында Печа-куча форматындағы диалог алаңы өтті

 

2024 жылдың 4-ші мамыр күні Шерхан Мұртаза атындағы ХалықаралықТараз  инновациялық институты және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен біріккен кешенді жоспар аясында «Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында Печа-куча (Pecha-Kucha) форматындағы диалог алаңы өтті.

Диалог алаңының мақсаты – қазіргі заманғы жастардың жеке басының берік адамгершілік негіздері, аза­маттық ұстанымы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құ­лықтың орнықты дағдыларын қалыптастыруға үлес қосу және тұлға бойындағы парасаттылық, адалдық, әділеттілік, сенімділік, еңбекқорлық қасиеттерді талқылау болды.

Диалог алаңының спикерлері Мағзымбеков Ерулан Сәбенұлы – Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы; Ажибаев Айбек Итқараұлы – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы; Төлеу Салтанат Ерсағатқызы – Қаратай Тұрысов атындағы №53 орта мектептің директоры; Жұбандықова Назима Норманбекқызы – «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының жетекшісі; Жолдасова Орынқыз Көпбосынқызы – Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының комплаенс-офицері адал қоғамды құрудағы ойларын ортаға салды. Студент-жастарға слайдпен сөйлеу печа-куча форматы қатты ұнады және көкейде жүрген сұрақтарға жауаптар алды.