COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Конференция

Конференция

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстан республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдепті мінез-құлқын құқықтық реттеуді жетілдірудің теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбында республикалық конференция өтті.
Конференцияда Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Экономика және басқару» факультетінің деканы, мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша PhD докторы Қуатбеков Жарас Алпысбайұлы «Болашақ мемлекеттік қызметшілердің әдепті мінез-құлқын қалыптастырудағы жоғарғы оқу орнының рөлі» тақырыбында баяндама оқыды.
Баяндама барысында ХТИИ тарапынан болашақ мемлекеттік қызметшілерге білім беріп қана қоймай, сонымен қатар тәрбие, әдеп нормаларын үйретуде, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық құндылықтарды сақтауға, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға үнемі шақыратынын ерекше атап өтті.