COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / ABOUT US / Кәсіпкерлік орталығы

Кәсіпкерлік орталығы

 

   Метерова Гульмира Кайратовна 

   Кәсіпкерлік орталығының жетекшісі, бизнес-тренер  

   Байланыс телефоны: +7 747 208 56 48 

   E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  

   Мекен-жайы: Желтоқсан, 69Б

 

   

Кәсіпкерлік орталығының негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері

 

«Кәсіпкерлік орталығы» (бұдан әрі – КО) - Халықаралық Тараз инновациялық институтының (бұдан әрі-ХТИИ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

КО институт президенті, ректоры және Стратегия, ғылым-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі проректордың басшылығымен қызметін атқарады.

Орталық  жұмысының  негізгі бағыттары:

- кәсіпкерлік орталығының, сонымен қатар бизнес-инкубатордың ағымдағы жұмысын ұйымдастыру және дамыту;

- білімгерлер ортасында кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру және дамыту;

- институт оқытушылары мен білімгерлері жобаларын бизнес-инкубациядан өткізуге мүмкіндіктер жасау;

-  инновациялық жобаларды қолдап, жылжыту;

- стартап мәдениетін қалыптастыру мақсатында хакатон, стартап-конкурстарға стартап-менеджерлер мен білімгерлерді щақыру;

- орталық жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік ұйымдар, Атамекен Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен, басқа да стейкхолдерлермен ынтымақтастық келісімдерін жасау.

 

Орталық қызметі бойынша келесі мақсаттарды орындайды:

- орталықтың қызметін институттың мақсатты индикаторларына және стратегиялық жоспарына сай ұйымдастыру;

- заманауи  ииновациялық, педагогикалық  әдістер, тәсілдер мен технологияларды  насихаттау және бизнес ортамен бірлесе отырып, ақпараттық-коммуникациялық байланыс орнату;

- институт білімгерлері, стартап-менеджерлер мен кәсіпкерлерге бизнес негіздері, гранттық бағдарламалар жөнінде жеке және топтық кеңес беру;

- кәсіпкерлікті насихаттау, студенттік ортада жаңа формациядағы кәсіпкер кейпін қалыптастыру;

- КО мен институт имиджын көтеру.

 

Орталық қызметі бойынша келесі  міндеттерді орындайды:

- кәсіпкерлік құзыреттілікті қалыптастыру бойынша бірыңғай ақпараттық, білім және кеңес беру орталығы рөлін атқарады;

- студенттік экожүйені қалыптастыру бойынша бағдарламаларға ат салысып, жүзеге асырады;

- өңірдегі кәсіпкерлік білім мен ойлауды қалыптастыруға үлес қосады;

- институт ішінде, өңірде және республикалық деңгейде кәсіпкерлік қауымдастықты қалыптастырып, дамытады;

- кәсіпкерлік дағдыларды және ойлауды қалыптастыру бойынша тренингтер өткізеді;

- қонақ дәрістері мен оқу үрдісіне кәсіпкерлік саласындағы сарапшыларды, кәсіпкерлерді шақырып, бірлесе жұмыс жасайды;

- орталық жобаларын дамытуға өз ұсыныстарын беріп, шаралар қолданады.

 

Кәсіпкерлік орталығының жұмысы