Халықаралық Тараз инновациялық институты «Экономика жане бизнес» факультетiнің "Экономика және басқару" кафедрасына қарасты 6В04101-"Экономика" мамандығының 1-ші курс студенттері «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының" қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында басқарма қызметкерлері студенттерді жұмыс барысы мен қызметтің ерекшеліктерімен таныстырды. Кездесу барысында студенттер өздерінің сауалдарын қойып, мамандықтың жауапкершілігін сезінгендіктерін жеткізді.
Халықаралық Тараз инновациялық институты "Заң" факультетінің 1 курс студенттері (қазақ және орыс топтары) кітапхана қорымен, электрондық оқулықтармен, жаңадан түскен кітаптармен, Рухани жаңғыру жобасы бойынша жарыққа шыққан 100 жаңа оқулық жобасы аясында жарық көрген кітаптармен танысты.
Қазан айының 14-15 жұлдыздарында Павлодар / Кереку/ қаласында өткен шетелдерде тұратын отандастардың қатысуымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында "Қасиетті қазақ елі" атты Халықаралық өнер фестивалі өтті.
Өнер фестиваліне Халықаралық Тараз инновациялық институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, аймақтық менеджмент академиясының, Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессоры, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Өзбекстан, Қарақалпақстан жазушылар одағының мүшесі Меңдібай Әбілұлы Әбілов қатысты.
Өнер фестивалінде М.Әбілұлы "Сақтар туралы жыр", "Желтоқсан-қазақтың айбыны",. "Таразым тарихтың бесігі" атты өлеңдерін оқып, Алғыс хатпен марапатталды
Халықаралық Тараз инновациялық институтының ДШ -19-1 тобының студенті Баймұратов Дінмұхамед Италияда кикбоксингтен өтетін әлем чемпионатына жолға шықты!
Дінмұхамедке сәттілік серік болсын дейміз! Көк туымызды желбірете бер! Жеңіспен оралуына тілектеспіз!!!
Халықаралық Тараз инновациялық институтының "Жаратылыстану" факультетінің "Биология және ауылшаруашылық мамандықтар" кафедрасының 1 курс студенттері 16 қазан күні институтымызға қарасты "Агробиологиялық ғылыми зерттеу" орталығындағы жаңадан салынып жатқан студенттер үйімен, жылыжай құрылысымен, Зоология және Ботаника зертханаларымен, жеміс ағаштары және өсімдік түрлерімен танысып қайтты. Балым Кожамжарова Зоология пәнінен көкөніс дақылдарының зиянкестерінен практикалық сабақ білім көзі ретінде студенттерге жәндіктерді көру арқылы дағды қалыптастырып сабақ өткізді.
Page 118 of 137