2021 жылдың 27 сәуірінде «Филология» кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай өткізілген «ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ» атты Аймақтық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
Аймақтық ғылыми-әдістемелік семинардың басы мақсаты – педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын білім алушылар мен педагогтардың арасында кеңінен насихаттауға, Қазақстан қоғамының рухани-адамгершілік және интеллектуалды мәдениетін дамытуға қазіргі білім мен ғылым саласының даму үдерісін кеңінен ашып қарастыруға бағытталған.
Семинарды «Филология» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Пертаева Эльмира Құлибайқызы жүргізді.
Ғылыми-әдістемелік семинарға Халықаралық Тараз инновациялық институтының Ғылым, инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, э.ғ.д., профессор Тәжібаев Серік Дүйсенәліұлы, «Педагогика» факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Кужаева Маржан Турегуловна, «Парасат» колледжінің оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Мақсұт Дауытбаев, №38 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Андакулова Динара Манарбековна, «Филология» кафедрасының профессор-оқытушылары, магистранттары мен студенттері қатысты.
Аймақтық ғылыми-әдістемелік семинарда тың баяндамалар жасалып, студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, қызу талқыға түсті. Әсіресе, Мақсұт Дауытбаевтың «ХІХ ғасырдағы тарихи әлеуметтік-жағдай және Ыбырай Алтынсарин», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Тилеушова Аселдің «Ы.Алтынсарин дәуірі – қазақ әдебиетінің алтын ғасыры», Усенова Инжайымның «Ы.Алтынсарин шығармалары – балалар әдебиетінің көркем діңгегі», Жунисова Балжанның Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылар», Андакулова Динараның «Ы.Алтынсариннің өмір жолы», М.Әбілұлының «Рухани жаңғыру және қазақ әдебиеті тарихының кезеңдері» атты баяндамаларын ерекше атап өтуге болады.
Аймақтық ғылыми- әдістемелік семинарда төмендегідей қорытындылар жасалды:
Біріншіден, Ыбырай шығармашылығының ұлттық әдебиет деңгейін биіктетудегі маңызы тереңдете көрсетілді;
Екіншіден, Ыбырай Алтынсарин әңгімелері қазақ жазба прозасы қалыптасуының бастау негізі екендігі сараланды;
Үшіншіден, Ыбырайдың өлеңдері мен әңгімелеріндегі тақырыптық, көркемдік шешім тұрғысындағы үндестік айқындалды;
Төртіншіден, Ы.Алтынсарин шығармашылығы – қазақ балалар жазба әдебиетінің қалыптасуындағы шешуші негіз екендігі дәлелденді;
Бесіншіден, Ыбырай Алтынсарин шығармашылығындағы көркемдік шеберлік сырларын тереңірек талдау арқылы қазақ сөз өнерінің философиялық, гуманистік-ағартушылық, эстетикалық мазмұны жан-жақты көрсетілді.
Баяндамашылар сертификаттармен марапатталды.
Мәжіліс барысында 2020-2021 оқу жылының оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша нәтижелері және 2021-2022 оқу жылына ОӘК жұмыс жоспарының жобасы қарастырылды.
Бүгінгі таңда 1,2,3 курс білімгерлері сабақтарын аяқтау үстінде. Келесі кезекте олар үшін емтихан кезені басталмақ.
Кафедраларда 2021-2022 оқу жылына дайындық жүруде. Пәндердің оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендері, нұсқаулар, оқулықтармен қамтамасыздығы туралы сұрақты оқу-әдістемелік бюросының төрайымы Р.Д.Асемова баяндады. Әрбір кафедра бойынша жинаған анықтамалар негізінде талдау жасады.
Сонымен қатар бір-қатар ағымдағы мәселелер қаралды.
«Экономика және бизнес» факультетінің бірінші курс студенттері арасында жоғарыда аталған тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді.
2020-2021 оқу жылының 23 сәуірінде «Экономика және бизнес» факультетінің күндізгі бөлім 1 курс Қар-20-1, ЕА-20-1 топтарында оқитын білімгерлер арасында «Статистика» пәнінен олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиада барысында студенттер статистика жайлы түрлі мәлімет, статистиканың қолдану аясы, заңдары жайлы білімдерін көрсетіп, есеп беру үлгілерінің мәліметтері негізінде есеп-санақ жасады.
Статистика көптеген жағдайда белгілі бір қоғамдық құбылыстың сандық жағын білдіретін таным ретінде қолданылады. Ал экономист мамандығының болашақ иелері бір статистика сандарының арасында тұрған жағдайды бағалай алуы тиіс.
Аталған пән бойынша білімгерлерге факультет ардагері, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Үрістембекова Б.Ү. көптеген жылдар бойы жоғары деңгейде дәріс беріп келеді.
«Талапкер-2021» кәсіби бағдар жұмыстары аясында «Экономика және бизнес» факультетінің «Қаржы және есеп», «Экономика және басқару» кафедрасының оқытушылары Т. Рысқұлов, Жуалы аудандарының және қала колледж, мектептерінде болып қайтты. Колледж бітірушілер, 11 сынып оқушыларымен кездесу барысында ЖОО жаңа оқуға түсу ережелері, құжаттарды өткізу тәртібі, институт мамандықтары жайлы ақпарат жеткізілді.
Page 128 of 138