ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМ ҚҰРУ
Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ҒЗО мен «Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету» орталығы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН!» атты облыстық байқауын
❗❗❗ЖАРИЯЛАЙДЫ!
Жобаның демеушісі – ХТИИ ректоры Ерболат Байұзақұлы Саурықов Ерболат Саурыков
Е Р Е Ж Е С І
Байқауға облысымыздың ЖОО, колледж студенттері қатыса алады. Міндетті түрде, өздеріне Жамбыл облысынан кейіпкер (мүмкіндігі шектеулі жан) таңдап, байқау кезеңдерінің тапсырмаларын бірлесе отырып орындайды.
Байқаудың мақсаты:
Еліміздің көптеген аймақтарында, соның ішінде Жамбыл облысының шалғай аудандарында көптеген мүмкіндігі шектеулі дарынды жастардың бар екендігі аян. Дегенмен, олардың дені сау ұрпақ сияқты түрлі байқауларға, сайыстарға, жарыстарға, шығармашылық ортаға қатыса алмайтындығы белгілі.
Байқаудың негізгі мақсаты – Жамбыл облысындағы 7-25 жас аралығындағы өнерлі мүмкіндігі шектеулі жастар мен студенттер арасында байланыс орната отырып, оларды қоғамға бейімдеуге атсалысу. Олардың туындылары мен өнерлерін насихаттау, өз бойындағы қабілеттері мен таланттарын іс жүзіне асыру.
Байқау ІІ кезеңнен тұрады:
І кезең
Студентке қойылатын талаптар:
1. «Кейіпкері» (мүмкіндігі шектеулі өнерлі жан) туралы бейнетүсірілім жасау (10-12 минут);
2. «Таланттың кемпірқосағы» атты эссе (1,5-2 бет).
ІІ кезең
Студенттің «кейіпкеріне» қойылатын талап:
1. Қолөнер туындысын (қолымен жасалған бұйымдар, әшекейлер, мүсіндер, тоқыма бұйымдары, т.б.) ұсыну.
2. Бейнелеу өнері (карандаш, акварель, гуашь, пастель, батик) туындысын ұсыну.
3. Ақындық өнері тұрғысында өз шығармашылығын (өлең, жыр, поэзия) ұсыну.
4. Вокал, ән орындау.
5. Би, т.б.
Байқау ережесі:
• І кезең тапсырмалары бойынша орындалған жұмыстар алдын ала:
Бейнебаяндар: 87771704185, 87770850401, 87071190705 телефондарының WhatsApp-ына немесе Telegram-ға жіберілуі тиіс.
Эсселер: «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ҒЗО-на немесе «Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету» орталығы өткізіледі, болмаса This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
электронды поштасына жолдану қажет.
• Сараптаудан жоғарғы балл жинаған жұмыстар ІІ кезеңге жіберіледі. І кезең тапсырмаларын 2022 жылдың сәуір айының 15 жұлдызына дейін өткізу қажет.
• ІІ қорытынды кезең мамыр айының 10 жұлдызында өтеді.
• Әр кезең бойынша тағайындалған әділқазылар алқасы шешім шығарады.
• Жекелеген номинациялар бойынша да марапаттаулар жүргізіледі.
• Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Халықаралық Тараз инновациялық институтының бас оқу ғимараты, Желтоқсан көшесі 69Б, «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығы, 202 бөлме немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына. Байланыс телефондары: 87770850401, 87071190705, 87771704185