COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / announcement / Кітап өмір ұстазы!

Кітап өмір ұстазы!

Сәлем достар! ХТИИ институтының жалынды жастары!

Ақпараттық-кітапханалық орталықтың ұйымдастыруымен Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай "Кітап өмір ұстазы" атты екі бөлімнене тұратын оқу марафоны және кітаппен креативті селфи байқауын ашық деп жариялаймыз. Байқау 06.04.2022-21.04.2022 аралығында өтеді.

Марафон мақсаты:
- Жастар арасындағы оқырман белсенділігінің деңгейін арттыру;
- Үйдегі бос уақытты тиімді пайдалану;
- Жас ұрпақтың санасында оқу мен кітап мәдениетінің құндылығы мен маңызы туралы түсінік қалыптастыру;
- Жастардың шығармашылық белсенділігін қолдау және ынталандыру.

Байқау шарттары:
Қатысушылар lib.itii.kz- instagram; @lib.htii.kz- facebook парақшасына міндетті түрде тіркеліп, лайк басуы тиіс;
Оқу марафоны – тек кітапқа байланысты (мәнерлеп оқу, монолог, өлеңдер) тақырыпта видео түсіріп өз парақшаңызға жариялайсыз және #libitiibirgeoku хэштегін белгілейсіз;

Кітаппен кративті селфи - ХТИИ институтының кез келген оқу залында кітаппен селфи жасау (институтымыздың кез келген кітапханасындағы кітаптарды пайдалана аласыздар).
Парақшаңызға #libitiibirgeselfi хэштегімен @lib.itii.kz парақшасын белгілеу арқылы өз суретіңізді жариялауыңыз тиіс;

Жеңімпаздар «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» жобасының аясында өтетін іс-шарада бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Уақыты: 22 Сәуір, 15:00
Өтетін орны: Жамбыл даңғылы, 73а
Ақпараттық-кітапханалық орталық, Топтық жұмыс алаңы