COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / announcement / ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЭССЕ ЖАЗУДАН БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАДЫ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЭССЕ ЖАЗУДАН БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАДЫ

Ұлттық мереке - 25 қазан Республика күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбына эссе жазудан байқау жарияланды.

Конкурс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған.Байқауға студенттер, магистранттар және қоғамдық жастар ұйымдары қатыса алады.

Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағы мен оның қалыптастырудағы көзқарасын көрсететін өз бетінше орындалған шығармашылық жұмыстар жіберіледі.

Жұмыс 2022 жылғы 14 қазанға дейін оқу орнының (This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ) электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Конкурс бойынша толық ақпарат Тәрбие бөлімінен ала аласыздар.

Конкурстық жұмысты қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орындауға болады.

Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау 2022 жылғы 19 қазанда жоғары оқу орындарының базасында өтеді. Байқаудың екінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау Астана қаласында өтеді.