COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / announcement / ITII HACKATHON-2023

ITII HACKATHON-2023

2023 жылы 24-25 ақпанда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы және «AVR Group» компаниясымен бірлесіп мектеп оқушылары, колледждер және ЖОО студенттерінің қатысуымен Бірінші өңірлік "ITII HACKATHON-2023" іс-шарасын өткізеді.

ITII HACKATHON – стейкхолдерлердің өңірдің дарынды ІТ-мамандарымен бірлесіп экономиканың нақты секторлары үшін IT шешімдерін іздеу мақсатына арналған платформа.

Бүгінгі таңда ITII HACKATHON-ға IT саласындағы мәселелерді шешуге дайын 80 команда, 350 оқушы мен студенттер тіркелді.
Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ осы форумды біздің өңірде IT қозғалыс мәдениетін дамыту мақсатында жас және талантты IT-мамандарды дайындау үшін жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.

"ITII HACKATHON-2023" бас демеушілері: ЦентрКредит Банк, Chinese.kz.taraz білім беру орталығы және "AMRE" маркетингтік және жарнамалық бірлестіктер қауымдастығы. Хакатонда бас демеушілерден бекітілген 4 кейс бойынша 4 жүлделі орын жоспарлануда. Осы іс-шара жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өңірді цифрландыруға зор үлес қосатынына сенімдіміз.