COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / Announcements / Хабарландыру!

Хабарландыру!

«Еңбек жастары» бригадасы жобасы аясында институтымыздың студент жастарын студенттік құрылыс жасақтарына төмендегі бағыттар бойынша жұмысқа шақырамыз!!!
«Жасыл ел» еңбек жасағы бойынша қаламыздың саябақтарында көгалдандыру, тазалау, сырлау жұмыстарына қыздар мен ұлдар шақырылады:
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 арасын қамтитын 8 сағаттық, аптасына 5 күндік жұмыс, 1 сағ. түскі ас үзілісі бар
Жатын орны: жатақханамызда тегін тұру қарастырылған
Жалақы: 70.000 тг
«Жасыл ел» тегін формасы қарастырылған
Жас мөлшері: 16 жастан (ата-ананың жазбаша рұқсат қағазы) 35 жасқа шейін

«Студенттік құрылыс жасағы» бойынша қаламыздағы құрылыс нысандарындағы құрылыс жұмыстарына қыздар мен ұлдар шақырылады:
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 арасын қамтитын 8 сағаттық, аптасына 5 күндік жұмыс, 1 сағ. түскі ас үзілісі бар
Түскі аста тегін ыстық тамақ қарастырылған
Жатын орны: жатақханамызда тегін тұру қарастырылған
Жалақы: 120.000 тг
Жас мөлшері: 18 жастан 35 жасқа шейін

«Жасыл Тараз» еңбек жасағы бойынша қаламыздың ықшам аудандары мен жолдарының бойында сынған, бітелген арықтарды тазалау, жаңарту мен бетондарын ауыстыру жұмыстарына ұлдар шақырылады:
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 арасын қамтитын 8 сағаттық, аптасына 5 күндік жұмыс, 1 сағ. түскі ас үзілісі бар
Жатын орны: жатақханамызда тегін тұру қарастырылған
Жалақы: 200.000 тг
Жас мөлшері: 18 жастан 35 жасқа шейін

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының Байзақ ауданы, Қостөбе ауылында орналасқан Агробиологиялық ғылыми зерттеу орталығындағы көгалдандыру жұмыстарына қыздар мен ұлдар шақырылады:
Жұмыс уақыты: 9:00-13:00 арасы және 18:00-22:00 арасын қамтитын 8 сағаттық, аптасына 5 күндік жұмыс
Жатын орны: Агробиологиялық ғылыми зерттеу орталығының жатақханасында тегін тұру қарастырылған
Жалақы: 100.000 тг
Жас мөлшері: 16 жастан (ата-ананың жазбаша рұқсат қағазы) 35 жасқа шейін