COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / announcement / Хабарландыру!

Хабарландыру!

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты еліміздегі "Еңбек күніне" орай "Менің мамандығым - менің саналы таңдауым" тақырыбында эссе байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты:
- студент жастар бойында Отанға, туған ел мен атамекенге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
- өз таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру;
- туған тарих пен тіл, дәстүр мен төл мәдениет туралы білімдерін, дүниетанымды дамыту;
- алған білімдерін бекіте отырып, жазу сауаттылығын арттыру.

1-4 курс студенттері мен магистранттар арасында өтетін эссе байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталатын болады.

Эссе жұмыстары 20 қазанға дейін қабылданады. Іске сәт....