Жылдың үздік жас ғалымы
NATIONAL ACADEMY OF SCIENTIFIC AND INNOVATIVE RESEARCH (NAcSIR) ұйымдастыруымен өтетін «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМЫ» атты халықаралық байқауының ашылғандығын хабарлаймыз.
Байқауға студенттер, магистранттар, PhD докторанттар және жас ғалымдар қатыса алады!
Іс-шараның мақсаты: жас ғалымдардың жетістіктері мен ғылым саласына қосқан үлесін мойындау және марапаттау. Еліміздегі ғылым саласының дамуына өзіндік үлес қосып жүрген азаматтарды, өз ісінің мамандарын қоғамда кеңінен насихаттау, келешек жастарға үлгі ету.
Қажетті құжаттар тізімі: ғылыми мақала (жұмыстың бірегейлігі кемінде 70%) және тіркеу формасы. Техникалық талаптар: мәтіндік файлдар Word форматында ұсынылуы керек. Жол аралығы – 1,0 интервал, бір бағанда. Шеттері: барлық жағынан 2 см шрифт өлшемі 14 Times New Roman.
Басылым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Қатысуға өтінімдер мен материалдарды 2025 жылдың 1 наурызына дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына жіберу керек.Барлық қатысушылар ТІРКЕУ ФОРМАСЫН толығымен толтыруы керек.
Жобаға қатысушылар «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМЫ» арнайы медалімен, статуетка және 1, 2, 3 дәрежелі дипломмен марапатталады, ғылыми жетекшісіне арнайы сертификат. Сондай-ақ жинақтың электронды нұсқасы (журналдың сайты).
Қабылданған материалдар халықаралық ғылыми басылымда жарияланады. Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында мәжіліс залында өтеді. Соңғы марапаттау бағдарламасы таңдалған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды шара барысында еліміздің танымал тұлғалары арнайы марапаттар мен материалдар табыс етеді.
БАЙЛАНЫСТАР e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. Телефон, Whatsapp, Telegram: +7 705 619 9399
Тіркеу формасы (жүктеу)