COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / Announcements / XXI ғасырдағы педагогика және психология ғылымдарының даму үрдістері мен перспективалары

XXI ғасырдағы педагогика және психология ғылымдарының даму үрдістері мен перспективалары

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Педагогика» факультеті, «Жалпы педагогика» кафедрасы 2025 жылғы 11 сәуірде «XXI ғасырдағы педагогика және психология ғылымдарының даму үрдістері мен перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

 

Конференцияның мақсаты – қазіргі кезеңде педагогикалық және психологиялық ғылымдарының жетілдіру бағыттарын жан-жақты талқылау, зерттеу, ғылыми нәтижелермен және халықаралық тәжірибемен алмасу. Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, мұғалімдер мен әдіскерлер, докторанттар, магистранттар мен студенттер шақырылады.

 

Өткізілу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Өтетін орны, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Тараз қ., Желтоқсан көш. 69Б, Акт залы.Сағат: 10.00-басталуы. Конференция аралас (онлайн және офлайн) форматта өтеді. ZOOM конференциясы: https://us06web.zoom.us/j/81395115685?pwd=0UMbnZEZJz27hNUUMcoMxqKKTcUb4L.1 Конференция идентификаторы: 813 9511 5685 Кіру коды: 358064 Мақалаларды өткізудің соңғы мерзімі: 20 наурыз 2025ж. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына жіберу қажет.

 

Конференцияның негізгі бағыттары:

1. Қазақстан Республикасында педагогикалық-психологиялық білім берудің даму тарихы, әдістемесі және тәжірибесі.

2. Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт.

3. Білім берудегі халықаралық және отандық салыстырмалы зерттеулердің бүгіні және болашағы.

4. Қазіргі педагогтарды кәсіби даярлаудағы әдіснамалық және әдістемелік мәселелер. Конференцияның материалдар жинағы электрондық форматта университет сайтына жүктеледі.