«Тәуелсіздік – Тәңірдің сыйы» атты облыстық эссе байқауын жариялайды!
Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Ауыл» ХДПП Жамбыл облыстық филиалы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік – Тәңірдің сыйы» атты облыстық эссе байқауын жариялайды!
Эссе байқауының мақсаты – Тәуелсіз елде туып, еркін ойлайтын Тәуелсіздіктің талантты жастарының азат ойлары мен кемел білімдерін бүгінгі қоғам игілігіне жарату.
‼️‼️Байқауды өткізу тәртібі:
Үміткер төмендегі 3 тақырыптың бірін таңдап, эссе жазуы тиіс.
1) Тәуелсіздік - Тәңірдің сыйы.
2) Ш.Мұртазаның тәуелсіздік идеялары.
3) Мен жанбасам лапылдап...
Эссеге қойылатын талаптар:
- Көрсетілген уақыттан кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды.
- Жұмыс көлемі 1,5 беттен 3 бетке дейін. WORD форматында қабылданады.
- Кегл түрі – Times New Roman, кегл өлшемі – 14, жазба жол аралығы – 1,0.
- Эссе антиплагиат бағдарламасы арқылы тексеріледі.
Эссе бес түрлі талап тұрғысынан бағаланады:
1. Мазмұны, ой тереңдігі – 20 ұпай
2. Әдеби материалды пайдалану – 10 ұпай
3. Эссенің жазылу стилі – 10 ұпай
4. Емле, тыныс белгісі – 10 ұпай.
Байқауға Жамбыл облысы мектептерінің 7-12 сынып оқушылары, колледж және ЖОО студенттері қатыса алады.
Байқау қорытындысы 10 желтоқсан күні sherkhantanu инстаграм парақшасында жарияланады. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталады.
Байқау материалдары 2022 жылдың 9 желтоқсанына дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына жолдану қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефонына хабарласуға болады: 8 7771704185
Үздік жұмыстар іріктеліп, арнайы жинақ болып баспадан шығарылады.