COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ХТИИ – аймақтық педагогикалық білім орталығы

ХТИИ – аймақтық педагогикалық білім орталығы

Бүгін Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттер үйіндегі Мәжіліс залында институт ректоры Ерболат Саурықовтың қатысуымен педагогикалық білімді дамытуға арналған келісімшарттарға қол қойылды.
Шараға Жамбыл облысы білім беру басқармасының басшысы Жамангозов Бейқұт Тілебалдыұлы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы, институт оқытушылары мен профессорлар құрамы қатысты.
Кездесуде арнайы Педагогикалық білім беруді дамыту үшін ХТИИ-да арнайы Жол картасы әзірленді. Оның негізгі мақсаттары:
1.Педагогикалық бағыттағы студенттер мен магистранттардың кәсіби жеке әлеуетін дамыту бойынша жүйелі қызметті дамыту және жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
2. Бәсекеге қабілетті және әлеуметтік бейімделген түлек-педагогты қалыптастыратын білім беру.
3. Білім алушылардың үздіксіз педагогикалық, ғылыми-зерттеу қызметіне қажеттілігін дамытуға ықпал ететін білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.
Білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес педагог мамандарды даярлауды жетілдіруге бағытталған бірқатар жұмыстарды ары қарай жалғастыру қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар алдағы уақытта Педагогикалық колледждермен консорциумдар құру туралы, Педагогикалық шеберлікті арттыру Орталығымен келісім жасасу жұмыстары жоспарлануда.