COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Институтымыздың ең үздік әзілкеш командасы анықталды

Институтымыздың ең үздік әзілкеш командасы анықталды

Халықаралық Тараз инновациялық институтының факультетаралық жайдарман ойындарынан финалдық ойын ұйымдастырылды. Жыл бойына созылған маусымда 10-ға жуық команда қатысып, іріктеліп ішіндегі ең үздік 5 команда: Метеорит, Болашақ келіндер, Тұмар, Шайқа, Қызы жоқ жігіттер командалары қатысты.

Финалдық ойын 2 сайыстан тұрды: Сәлемдесу және әуенді бір сайыс. Жайдарман ойындары бұрынғыдан ерекше болып басталды. Финалдық атмосфера барлығына сезілді.

Финалдық ойынның қортындысы бойынша жүлделі 3-ші орынды "Заң" факультетінің «Метеорит» командасы иеленсе, 2-ші орынды "Жаратылыстану ғылымдары" факультетінің «Болашақ келіндер» командасы иеленді, ал жайдарман ойындарының чемпионы болып "Шығармашылық мамандықтар" факультетінің «Шайқа» командасы атанды. Ең үздік ойыншы болып «Болашақ келіндер» командасының мүшесі Қанжарова Аружан иеленді.

Жеңімпаздар арнайы дипломдар және арнайы медальдар және чемпион командасы арнайы кубокпен марапатталды.