COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті қызметкерлерімен бірлесіп оқу-әдістемелік құрал дайындау мәселесін ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті қызметкерлерімен бірлесіп оқу-әдістемелік құрал дайындау мәселесін ұйымдастыру

2022 жылдың 12-сәуір – Қазақстанда ғылым қызметкерлерінің күніне орай "Экономика және бизнес" факультетіне қарасты «Экономика және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті қызметкерлерімен бірлесіп оқу-әдістемелік құрал дайындау мәселесін ұйымдастыру» атты семинар өткізілді. Ғылым саласы қызметкерлері күнін атап өтуге Департамент директорының орынбасары Л.Қ Илебаев келді.
Кафедра меңгерушісі Ғ.Ж.Исақов дөңгелек үстелдің ұйымдастырылуына ерекше ден қойып, тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Сөз басында ол: «Бүгінгі семинарымыздың форматы Департамент қызметкерлері мен кафедраның оқытушы-профессор құрамының арасында шығармашылық байланысты нығайту, бірлескен оқу-әдістемелік құрал мен мемлекеттік қызмет туралы білімгерлерге арналған көрнекі құралдар дайындау мақсатында өткізіліп отыр», - деп мемлекеттік қызметкер мен студенттер арасындағы байланыс жөнінде салмақты ойымен бөлісті.
Студенттер тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, оларға толық жауап ала алды. Әсіресе, пікір-талас барысында мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, тест тапсыру, мемлекеттік қызметкерлер біліуге тиіс заңдар мен заңнамалар және өзге де көптеген сұрақтарға тың мәліметтер алды.