COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовпен форум ұйымдастырылды

ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовпен форум ұйымдастырылды

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің ұйымдастыруымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовтың төрағалығымен жоғары оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі проректорлары мен жастар ісі жөніндегі комитет төрағаларының қатысуымен «Тәрбиелі жас – парасатты азамат» атты республикалық форум ұйымдастырылды.
Форумға Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор» Гүлшат Қамбарбекқызы, жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Нұрсейіт Ғалымжанұлы, студенттік ректор Берді Ерасыл және белсенді студент Муратов Данабек қатысты.
Форумда бірнеше маңызды мәселелер қозғалды. Жастар көкейінде жүрген бірнеше сұрақтарға жауап ала алды. Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Нұрсейіт Ғалымжанұы Асхат Қанатұлына пікірсайыс қозғалысына қатысты бірнеше сұрақтар қойып, мәселелерді шешуді сұрады.
Форум жоғары деңгейде ұйымдастырылды.