COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Интеллектуалдық ұлттық спорт ойындар арқылы ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру

Интеллектуалдық ұлттық спорт ойындар арқылы ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру

Халықаралық Тараз инновациялық институтында 14-17 сәуір күндері аралығында «Интеллектуалдық ұлттық спорт ойындар арқылы ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» атты дене шынықтыру пəні ұстаздары мен әдіскерлерге арналған халықаралық ғылыми - тəжірибелік семинар өтті. Семинардың ашылу салтанатында институт ректоры Е.Саурықов құттықтау сөз сөйлеп, семинар жұмысына сәттілік тілелді. Семинарға Америкадағы Қазақ күресі федерациясының президенті, самбодан Еуропа чемпионы, екі дүркін КСРО чемпионы, Әлем және КСРО кубогының жеңімпазы Алмас Мұсабеков, – ҚР асық ату федерациясының вице-президенті (директор) ҚР еңбек сіңірген бапкері, педагогика мамандығының доценті, «Құрмет» орденінің иегері Жомарт Сабыржанов, «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының бас редакторы, ҚазСТА құрметті профессоры - Тасқалиев Мұсағали Сабырғалиұлы, еркін күрестен Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, дзюдодан Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, әлем,Азия чемпионы Елдос Сметов т.б. спорт майталмандары қатысты.
Халықаралық конференция жоғарғы деңгейде өтіп, қатысушылар мен қонақтар тарапынан өте жақсы деген берілді. ХТИИ материалдық-техникалық базасымен танысқан конференция қонақтары институт басшылығына өз алғыстарын білдірді.