Ет және жүйке физиологиясы
ХТИИ "Жаратылыстану" факультеті "Биология және ауылшаруашылық мамандықтар" кафедрасы а.ш.ғ.к. Даулетбекова Ақмарал Тынысқызы "Адам физиологиясы" пәнінен Био-19-1 тобы студенттерімен "Ет және жүйке физиологиясы. Тірі ұлпадағы биоэлектрлік құбылыстар" тақырыбында зертханалық сабағын өткізді. Сабақта студенттер ет талшықтарының физиологиялық қасиеттерін, жүйке-ет препаратын дайындау әдісін меңгеріп зертханалық жұмыстарын орындады.