COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / АЛАШ КӨСЕМІ–АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

АЛАШ КӨСЕМІ–АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

2022 жылдың 21 сәуір күні Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Педагогика» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «АЛАШ КӨСЕМІ–АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ» тақырыбындағы ЭССЕ байқауы өткізілді.

ЭССЕ байқауының мақсаты:
– Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын насихаттай отырып, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беріп, ақын өмірін үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу;
– Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық қайраткерлік жолын дәріптеу;
– Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының туындылары арқылы сыни ойлауға, логикалық байланыс табуға, әдемі сөзден өрнек жасап, көрерменнің ықыласына бөленуге дағдыландыру;
– Жастарды достыққа, бірлікке шақыру;
– Ұлттық-рухани және патриоттық тәрбиеге баулу.

Аудандық және қалалық мектептерден 58 оқушы қатысты. Атап айтқанда, Тараз қаласының №35 мектебі, С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі, Кеңес ауылы №6 жалпы орта мектебі, А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясы, М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебі, Б.Момышұлы атындағы №45 классикалық гимназиясы, Р.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебі, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқрмасы Тараз қаласының білім бөлімінің №3 мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі, №5 Жамбыл атындағы орта мектебі, №25 орта мектебі, Ақшолақ орта мектебі, М.Х.Дулати атындағы №40 мектеп лицейі, Шу ауданы, Төле би атындағы №8 мектеп гимназиясы, Тараз қаласы, Төле би атындағы орта мектебі, Шу ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебі, Шу ауданы, Е.Бекмаханов атындағы мектеп гимназиясы, Шу ауданы, Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебі, Шу ауданы, Б.Момышұлы атындағы орта мектебі, Шу ауданы, «Arai-Elite» мектеп гимназиясы және тағы басқа.

Жүлделі орын алған мектеп оқушылары ректордың дипломымен марапатталды.

Пертаева Эльмира Құлибайқызы
ХТИИ, «Педагогика» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к.