COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Ерекше бала – дарынды дана

Ерекше бала – дарынды дана

«Ерекше бала – дарынды дана» облыстық тактильді кітаптар фестивалі Инклюзивті білім беру орталығы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасымен ынтымақтасады. Осы ынтымақтастық негізінде Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттері облыстық тактильді кітаптар фестивалін флешмобпен ашты.

Фестивальдің өзі әлсіз көретін және көзі көрмейтін балаларға арналған Брайль бойынша бедерлі-нүктелі шрифт көмегімен жасалған тактильді кітаптардың көрсетілімін қамтыды. Көру қабілеті бұзылған балалардың жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ниет білдірушілер үшін "Мен және менің ата-анам" тақырыбында тренинг өткізді.

Сонымен қатар, фестивальде оқушылар және колледж студенттері шығармашылық нөмірлерімен өнер көрсетті.

Кітапхана директоры Ж.Алшинбаева әріптестік және өзара қарым-қатынас үшін институттың ректоры Ерболат Саурыковқа ризашылығын білдірді.