COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Э.Р. ТЕНИШЕВ ӘЛЕМІ: ҒЫЛЫМДАҒЫ ҒҰМЫР

Э.Р. ТЕНИШЕВ ӘЛЕМІ: ҒЫЛЫМДАҒЫ ҒҰМЫР

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан), Хаджеттепе университеті (Анкара, Түркия), Халықаралық түркі академиясы (Нұр-Сұлтан, Қазақстан), Ұлығбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті (Ташкент, Өзбекстан), Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (Мәскеу, Ресей Федерациясы), Стамбул университеті жанындағы Фараби атындағы Еуразия ғылыми зерттеулер Орталығы (Стамбул, Түркия), Халықаралық Тараз инновациялық институтымен (Тараз, Қазақстан) бірлесіп, «Э.Р. ТЕНИШЕВ ӘЛЕМІ: ҒЫЛЫМДАҒЫ ҒҰМЫР» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізуде.
Конференцияның мақсаты – әлемге әйгілі шығыстанушы-түркітанушы Э.Р. Тенишевтің ғылыми-теориялық, cалыстырмалы-тарихи, салғастырмалы зерттеулерін, идеялары мен жетістіктерін талқылау және түркітанушы, моңғолтанушы, шығыстанушы ғалымдардың халықаралық ынтымақтастық траекториясын және келешектегі зерттеулердің даму бағыт-бағдарын айқындау.
Конференция бағыттары:
1. Тілдер мен мәдениеттердің өзара әрекеттесуіндегі Э.Р. Тенишевтің түркі әлемі
2. Э.Р. Тенишевтің ғылыми қызметі контексіндегі салыстырмалы-тарихи зерттеулер
3. Еуразия халықтарының мәдени мұрасындағы эпос және эпостық туындылар
Конференцияның ашылу салтанатында ХТИИ ректоры Ерболат Саурыков «Тенишев және қазіргі түркітану ғылымы» тақырыбында баяндама жасап, өз зерттеулерімен бөлісті.