COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ЖАППАЙ ДИКТАНТ ЖАЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ЖАППАЙ ДИКТАНТ ЖАЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігінің жаңа бастауына айналған жобалары ішінде қазақ әліпбиін біртіндеп латын графикасына көшіру кезек күттірмейтін ауқымды істердің бірі екендігі аян. Бұл жобаны жүзеге асыру мақсатында көптеген іс-шаралар жүзеге асып, орындалуда.

Осындай кезекті іс-шараның бірі - 2022 жылдың 28 сәуірі күні сағат 11.00-де Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттеріне бір мезгілде «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің атасы» атты жаппай диктант жазу акциясы өткізілді.

Диктантқа бес факультеттен 636 студент қатыстырылып, қорытындысы Тараз қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жіберілді.

Акцияға белсенді түрде қатысқан факультет ұжымдары мен студенттеріне үлкен алғыс білдіреміз.

«Шерхантану және Рухани жаңғыру» ҒЗО директоры А.Кембаева