COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Балық және теңіз өнімдерін өндіру, өсіру және қайта өңдеу жабдықтары мен технологиялары

Балық және теңіз өнімдерін өндіру, өсіру және қайта өңдеу жабдықтары мен технологиялары

12-14 сәуір аралығында Мәскеу қаласында орналасқан Крокус Экспо-да «Балық және теңіз өнімдерін өндіру, өсіру және қайта өңдеу жабдықтары мен технологиялары» атты халықаралық көрмесі өтті: 60-тан астам қатысушы балық шаруашылығы және аквакультура саласындағы өз өнертабыстарын ұсынды және 45-тен астам спикер өзекті мәселелер бойынша сөз сөйледі.

Көрмеге келушілердің жалпы саны 2200-ден астам болды , олардың ішінде Халықаралық Тараз инновациялық институтының өкілдері болып, Аквакультура ғылыми-зерттеу орталығының директоры Венера Арыстанғалиева мен ғылыми-қызметкер Аяжан Егисинова қатысты. Көрме қорытындысы бойынша біздің орталық енді АЛЬГОТЕК (хлорелла) компаниясымен ынтымақтасып, бірлескен ғылымы-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Көрмеде балық өсіру, балық аулау және аквакультура бағыттары бойынша экспонаттар ұсынылды.