Жоғары оқу орындары кітапханаларының заманауи әлемдік дамуындағы үрдістері
2022 жылдың 5-6 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханаларының Ассоциациясы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесіп «Жоғары оқу орындары кітапханаларының заманауи әлемдік дамуындағы үрдістері» атты Х-халықаралық ғылыми –тәжірібиелік конференциясына Халықаралық Тараз инновациялық институты, Ақпараттық кітапханалық орталығы шақырылды.
Конференция шеңберінде қазіргі заманғы ұрпақтың АБИС мүмкіндіктерін пайдалану базасында электрондық кітапханалар мен жүйелерді құру бойынша тренингтер өтті және ЖОО-лардың оқу және ғылыми-зерттеу қызметін қолдауда электрондық ақпараттық-білім беру ресурстарының орны мен мәнін айқындау мәселелері талқыланды.
Конференцияға кітапхана ісі , инклюзия саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандар, жетекші баспагерлер мен электрондық ресурстар агрегаторларының өкілдері қатысты.
Нәтижесінде кітапхана бағытында түрлі бағдарламалар ұсынылды. Қазіргі уақытты кітапханашылар үшін ең тиімді жолын түсіндірді
Сөз соңында конференция қатысушыларына дастархан жайылып, сертификаттар табысталды.