COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Тіл жанашырларының жиыны

Тіл жанашырларының жиыны

16.05.2022 күні Халықаралық Тараз инновациялық институты Мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті Берік Әбдіғалиұлымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының облыстық, қалалық, аудандық филиалдарының төрағалары мен бастауыш ұйымдарының өкілдері, ХТИИ профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, тіл жанашырлары, шығармашыл зиялы қауым өкілдері қатысты.

Басқосуда мемлекеттік тіл саясатын ілгерлету, қоғамның барлық саласында қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілде қызмет көрсету сапасын арттыру т.б. мәселелер талқыланды.

Жиынға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.