COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / QAZAQ kuresi

QAZAQ kuresi

19-20 мамыр күндері аралығында Халықаралық Тараз инновациялық институты, "QAZAQ kuresi" ассоциациясы және ҚР "Білім және ғылым министрлігі" ұлттық ғылыми-педагогикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесе отырып, мектеп оқушылары арасында қазақ күресінен "Оқушылар арланы" (ұлдар), "Оқушы қыраны" (қыздар) 11- сынып оқушылары арасында республикалық турнир ұйымдастырылды. Турнирдің негізгі мақсаты - қазақ күресін мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау, талантты жас спортшыларды іріктеу, оларға қолдау білдіру болып табылады. Жарысқа еліміздің 14 облысынан 100-ге жуық спортшылар қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Ұлдар - оқушы Арланы

Рысмахан Темірлан- 1 орын (Тараз қаласы, 54 мектебінің 11 сынып оқушысы)
Жоспар Жалғас- 2 орын (Тараз қаласы, 54 мектебінің 11 сынып оқушысы)
Тұрсынбек Ақылжан- 3 орын (Түркістан обл Байдібек ауданы С. Әбдіжапаров атындағы жалпы орта мектеп интернатының 11 сынып оқушысы);

Қыздар- оқушы Қыраны

Балғабаева Аяулым- 1 орын (Жамбыл обл. Сарысу ауданы Адамбаев орта мектебі 11 сынып оқушысы)
Балмаханбет Айлун- 2 орын (Тараз қаласы 5 мектеп Гимназия 11 сынып оқушысы)
Тұрсынбек Зейнеп- 3 орын (Жамбыл обл. Меркі ауданы 39 Темірбек Қожакеев атындағы ЖББМГ 11 сынып оқушысы). Турнир жеңімпаздары диплом, кубок және медальдармен сонымен бірге 1 орын - 100% (ректор гранты), 2 орын - 75%, 3- орын 50% оқу төлем ақысына жеңілдіктермен марапатталды.