COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / «ЗЕРДЕ» ТОБЫ ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

«ЗЕРДЕ» ТОБЫ ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

ХТИИ-дың «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері Балтабай Бифаруза, Рысбек Әсем, Сапарғали Бағдат Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті мен Әжинияз атындағы Нүкіс МПИ-дың А.Байтұрсынұлының 150 жыл толуына орай ЖОО студенттерінің арасында ұйымдастырған «Ұлттық мүддеге қызмет еткен кемел тұлға» тақырыбындағы халықаралық зияткерлік сайысқа «Зерде» тобы болып қатысып, жүлделі 3 орынды иеленді. Жетекшілері: ғалым-хатшы, ф.ғ.к., доцент Каракоз Тамабаева , «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ҒЗО директоры Айнур Кембаева .
Зияткерлік сайыстың бірінші кезеңінде студенттер арнайы бейнеролик дайындап қорғады ,екінші кезеңінде А.Байтұрсынұлының өмірі мен қоғамдық-ағартушылық қызметіне қатысты сұрақтар қойылды. Үшінші кезеңде ғалымның әдеби мұрасына қатысты сауалдар қойылса, төртінші шешуші кезеңде студенттерге ғалымның тілтанымдық еңбектеріне байланысты қазіргі жаңа бағыттармен байланыстырылып талдауға арналған сұрақтар легі ұсынылды.
Іргелі оқу орындарымен қатар Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттері терең білімін көрсете отырып, жүлделі үшінші орынды иеленді.
Құттықтаймыз!