Студент жастар өзгерістерді қолдайды!
Бүгін Май тоғайының "Білім" аллеясында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Студент жастар өзгерістерді қолдайды!» атты студенттер форумы өтті.
Іс-шараның мақсаты -5 маусымда өтетін референдумға шығарылатын ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды талқылау, референдумның өтуіне қолдау білдіріп, оған халықтың белсенді қатысуына шақыру.
Шара барысында еліміздің Ата заңына енгізілетін толықтырулар бойынша түсініктеме беріліп, жастар өз ойларын ортаға салып, үндеу жасады.
Жиынға ХТИИ ректоры, партияның облыстық филиал төрағасы Е.Саурықов Ерболат Саурыков , Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Абзал Есіркепов, партия белсенділері мен студент жастар қатысты.