ХТИИ қызметкерлері әнұран орындады
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнінде Халықаралық Тараз инновациялық институтының барлық факультеттері, ПОҚ-ы бір мезетте мемлекеттік Әнұранды орындады.
Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн Мемлекеттік рәміздер болып саналады.