Туған жердің туын биіктеткен тұлға
15.09.2022 ж. күні Жамбыл облысы, Меркі ауданында Социалистік Еңбек ері, 4 дүркін Ленин орденінің иегері, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың біртуар азаматы Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына арналған республикалық конференция өтті.
Аталған шараға Халықаралық Тараз Инновациялық Институты вице-президенті Аскар Абдуалы қатысып, «Туған жердің туын биіктеткен тұлға» атты ғылыми-практикалық конференцияда «А.Асқаров мұрасы және әділетті Қазақстан» тақырыбында баяндама жасады.
Шара барысы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып ,тағзым етуден бастау алып, А.Асқаров есімі №1 мектеп-гимназиясына салтанатты түрде беріліп, нар тұлғаның бюст-ескерткіші ашылды.
ҚР Президенті архивінен алынған А.Асқаровтың жеке қор құжаттарынан көрме ұйымдастырылып, «А.Асқаров архив құжаттарында» атты кітаптың тұсауы кесіліп, оқырмандарға жол тартты.