COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Ұстаздар күні

Ұстаздар күні

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Шәкірт санасына білімнің нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ұстаз болу – мейірім шуағын, жүрек жылуын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Сондықтан ұстаздарға адам баласы құрметпен қарайды.

Бүгінде Халықаралық Тараз инновациялық институты болашақ мұғалімдерді даярлау бағытында жан-жақты жұмыс жүргізуде. Педагогикалық білім беру бағдарламалары аясында жас мамандар даярланып, еліміздің түкпір-түкпірінде ұстаз қызметін лайықты атқаруда.

Құрметті барша ұстаздар қауымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін.

Құрметпен, ХТИИ президенті Ерболат Саурыков