COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Институт базасында "Заң" клиникасы ашылды

Институт базасында "Заң" клиникасы ашылды

Бүгін Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Заң» факультеті және Жамбыл облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен институт базасында "Заң" клиникасы ашылды.

ХТИИ ректоры Марат Баяндин және Әділет департаментінің басшысы Н.Е.Андасов салтанатты түрде "Заң" клиникасының лентасын қиып, екі жақты келісім шартқа қол қойды.

Халықаралық Тараз инновациялық институтының заң клиникасы – бұл өз алдына заң көмегін көрсету және бұл көмекке мұқтаж азаматтарға тегін консультация беру секілді мақсатта құрылған қауымдастық. Қызметіміздің ерекшелігі – екі жақтың өзара көмектесуі. Бір жағынан, белсенді студенттер халыққа көмектесіп, оның құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді және құқықтық насихаттауды жүзеге асырады, ал екінші жағынан, клиенттер студенттерге қажетті тәжірибе алуға және кәсіби дағдылар мен құзыреттерге ие болуға көмектеседі.
Миссиямыз:
Сапалы заң көмегін тегін ұсыну арқылы халыққа қызмет ету және оның құқықтық сауаттылығын арттыруға көмектесу.
Мақсатымыз:
Халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарына тегін құқықтық консультацияларды ұсыну және заң көмегін көрсету, халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін және құқықтық санасын көтеру, сондай-ақ заң клиникасының тағылымдамадан өтушілерінің өз кәсіби дағдыларын жетілдіруі.