Биосфера құрылымы және оның қасиеттері
Бүгін, 07.10.2022ж күні «Жаратылыстану» факультетіне қарасты «Тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы Г.К.Успанова «Экология және тұрақты даму» пәнінен «Биосфера құрылымы және оның қасиеттері» тақырыбында ГЕО-22-1,ТАР-22-1, БСЭ-22-1 топтарына ашық сабақ (семинар) өткізді.
Ашық сабақты бағалауға «Тарих және география» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен «Сапа,аккредиттеу және рейтинг» басқармасының қызметкерлері қатысты. Г.К.Успанова Wordwall бағдарламасын пайдалана отырып, өткен тақырыпқа қысқаша пысықтау сұрақтарын қойды. Білімалушылар белсенді жауап беріп, сабақты жер ғаламшарының географиялық қабаттары, биосферадағы зат айналымының ерекшелігі, еліміздегі экологиялық апаттар туралы презентация арқылы тақырыпты толығынан ашып берді.
Г.К.Успанова сабақты барлығы 9-сұрақтан тұратын Kahoot ойыны арқылы аяқтады. Жоғарыда айтылған ПОҚ-ы мен қызметкерлер бағалауды қорытындылай келе, Г.К.Успанованың берілген пәнге оқу-әдістемелік жабдықталуына сабақ барысында ақпараттық технология мен инновациялық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс беру шеберлігіне жақсы деген (111-139 балл) баға берді.
«Сапа,аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Б.К. Жундибаева