Лабораториялық техника. Жалпы қолданыстағы құрал-жабдықтар мен аппараттар
11.10. 2022 ж. күні «Жаратылыстану» факультетіне қарасты «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының аға оқытушысы М.Амирова «Зертханалық іс» пәнінен «Лабораториялық техника. Жалпы қолданыстағы құрал- жабдықтар мен аппараттар» тақырыбында ВС-21-1 тобында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақты бағалауға «Жаратылыстану» факультетінің декан м.а. Пернеш Маликтаева «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» пен «Академиялық саясат» басқармасының мамандары қатысты.
Ашық сабақ өткен тақырып бойынша пікір сұрақ ретінде басталып, білім алушылар қойылған сұрақтарға нақты жауап бере алды. М.Амирова жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде презентация арқылы түсіндірме-иллюстрациялық әдісті қолданды. Дәрісте лабораториялық техниканың классификациясы, зертханада қолданылатын құрал- жабдықтардың түрлері, зертханалық кабинетте жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін еңбек қауіпсіздігі үшін қатаң түрде талаптарды сақтай отырып жұмыс жасау қажеттілігін мысалдар арқылы түсіндіріп берді.
Жаңа тақырыпты бекітуде "Kahoot" бағдарламасын қолдана отырып, тест өткізу арқылы білімалушылардың деңгейін анықтады.
Жоғары айтылған ПОҚ-ы мен қызметкерлер бағалауды қорытындылай келе, М.Амирова берілген пәнге оқу- әдістемелік жабдықталуына сабақ барысында ақпараттық технология мен инновациалық тәсілдері қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігін жақсы деген (111-139-балл) баға берді.
2022-2023 оқу жылының I-семестріне бекітілген кесте бойынша ашық сабақтарды бағалау және бақылау білім берудің сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, ХТИИ-ның ректоры Марат Баяндин Асылбекұлының бастамасымен I-семестрде институт бойынша өткізілген ашық сабақтардың қорытындысымен ең үздік профессор-оқытушылар құрамы жас оқытушыларға "Қысқы мектеп" шеберлік сыныптарын өткізу жоспарда бар екенін хабарлаймыз!
«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқарманың басшысы Б.К. Жундибаева.