ХТИИ Республика күніне орай салтанатты жиын өтті
22.10.2022 ж. күні Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтының мәжіліс залында 25 қазан - Республика күніне орай салтанатты жиын өтті.
Жиынға институт ПОҚ-ы мен студент жастар қатысты. 13 жылдан кейін қайта оралған ұлттық мерекеміз туралы ректор кеңесшісі э.ғ.д., профессор Тажибаев Серик тағылымды баяндама жасады.
Республика күніне орай біршама қызметкерлерді институт ректоры Марат Баяндин марапаттады.
Өз кезегінде студент жастар театрландырылған қойылым қойып, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншілері әннен шашу шашты.