COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / «МЕНІҢ АРМАНЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН» ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«МЕНІҢ АРМАНЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН» ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

27.10.2022ж. күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінде Nobel Fest шарасын өткізу шеңберінде Нобель сыйлығының лауреаттарымен, Nobel Fest байқауының және эссе байқауының жеңімпаздары бас қосты.

Құрметті қонақтар қатарында Nobel Fest негізін қалаушы Мақсат Құрбенов; ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев; 2007 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты, Инчхон университетінің профессоры Рае Квон Чунг; 2021 жылғы жаһандық мұғалімдер сыйлығының жеңімпазы Кейша Торп; бас футуролог және SAP Future hub басшысы Мартин Везовски; U.S.Elite негізін қалаушы, бас директоры және президенті Трейша Торп, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты жоо студенттері арасында өткен эссе байқауының жеңімпазы, ШТ- 21-1 тобының студенті Кеңес Аружан қатысты.

«Менің арманымдағы Қазақстан» атты эссе байқауының жеңімпаздарына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің атынан дипломдар табысталды.

«Эссе байқауы жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, ел тағдырына қатысты сезімін және оның болашағы үшін жауапкершілікті тәрбиелеуге, шығармашылық әлеуетті жандандыруға, жастардың ұлттық сана-сезімін дамытуға бағытталған. Республика күні қарсаңында байқау жеңімпаздарын жоғары оқу орындарының ректорлары марапаттады. Ал сіздердің жұмыстарыңыз үздіктердің үздігі болып таңдалды. Марапаттарыңыз құтты болсын! Сіздерге сәттілік пен жетістіктер тілеймін!», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.