COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Президенттік кадрлық резерв жайында ақпарат берілді

Президенттік кадрлық резерв жайында ақпарат берілді

"Экономика және бизнес" және "Заң" факультеттерінің ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті әкімшілігімен кездесу өтті. Кездесу мақсаты Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі - Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Дәулет Қуатұлы Қалдығужинмен кездесіп, кадрлық резерв жайында студенттерге ақпарат беру.

Кездесу барысында Президенттік жастар кадр резерві жобасы жайында кеңінен айтылды. Сонымен қатар, Департамент басшының орынбасары Л.Ілебаев жастарды мемлекеттік қызметке шақыра отырып, оларға мемлекеттік қызметке түсу тәртібін түсіндіріп өтті.

Кездесу барысында спикерлер өздерінің қызмет бабындағы тәжірибесімен бөлісе отырып, студенттерді қызықтыратын сұрақтарға мардымды жауап берді. Кездесу соңында "Экономика және бизнес" факультетінің деканы Жарас Куатбеков студент жастарға мемлекеттік қызметке бару үшін жастарға осындай іс-шараларды кеңінен насихаттау жағына тоқталып, қонақтарға және ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді.