COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Білім - Инновация

Білім - Инновация

Бүгін, 3-ші қараша күні Елордамыз Астана қаласында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтының президенті Ерболат Саурыков бастауымен "Білім - Инновация" халықаралық қоғамдық қорында кездесу болды.

Кездесудің мақсаты: қордың атқарып жатқан жұмысымен және қызмет көрсету жүйесімен танысу, тәжірибе алмасу мен әріптестік қатынастар орнату.

«Білім-Инновация» ХҚҚ басқаруында: 27 мемлекеттік лицей, Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжі, 3 мектеп, 2 халықаралық SPEСTRUM» мектебі (Астана қ.) мен «GALAXY INTERNATIONAL» (Алматы қ.), Сүлейман Демирел университеті және Сүлейман Демирел колледжі бар.

Қор президенті Дархан Өте қордың негізгі жұмыстарымен таныстыра отырып серіктестік орнатуға дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде институт президенті Ерболат Байұзақұлы институттың жетістіктері мен стратегиялық жоспарларымен таныстырып, әріптестікті дамыту керек екендігін ерекше атап өтті.