COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Критериалды бағалау технологиялары

Критериалды бағалау технологиялары

11.11.2022ж. күні «Педагогика» факультеті, «Жалпы педагогика» кафедрасының оқытушысы, п.ғ.к. К.С.Бактыбаева «Критериалды бағалау технологиялары» пәні бойынша «Қалыптастырушы бағалау ұғымының мәні, қалыптастырушы бағалаудың үш құраушы бөлігі» тақырыбында, Ия-20-2 тобына ашық сабақ өткізді.

К.С.Бактыбаева үйге берілген тапсырма бойынша «Пресс-конференция» түріндегі семинар сабағын бастау үшін, топ студенттерін екі топқа бөліп, бірінші топқа облыстық және республикалық (КТК) телеканалдың журналисті ролін ал екінші топқа ҚР ағарту министрлігінің өкілі, ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар ролі берілді. Журналистер тарапынан қойылған (дәстүрлі оқыту мен критериалды оқыту айырмашылығы, артықшылықтары мен кемшіліктері, қиындықтары, бағалау жүйесінің тиімділігі т.с.с.) барлығы 14 сұрақ талқылауға түсті. Мысалы, министрлік өкілі заңнама негіздерінде қабылданған пункттерді түсіндіріп өтсе, ұстаздар өкілі екі түрлі оқытудың барлық қырларын айқындап бағалау жүйесіне тоқталып өтті. Ал, ата-аналар ұл-қыздары яғни оқушылар үшін білім алудағы және баға қоюдағы қанағаттану деңгейін сөз етсе, оқушылар өздеріне жаңа бағыттағы оқыту түрінің жақсы жақтары көп екенін айтып берді .

Ашық сабақ соңында студенттерге «Google-test» жүргізіп, әрбір оқушымен бағытталған оқыту тәсілі арқылы сабақ жүргізудің маңыздылығын түсіндірді. Шет тілі және екі шет тілі: білім бағдарламасы болашақ ұстаздарды дайындайтындықтан бекітілген пәннің маңыздылығы жоғары және К.С.Бактыбаева сияқты жаңаша қөзқарастағы талап ететін, тың идеяшыл, білікті оқытушымен мақсатымыз айқын.

Ашық сабақты бағалауға «Педагогика» факультетінің деканы А.Е.Ботабаева «Жалпы педагогика» кафедрасының меңгерушісі Р.С.Елубаева, профессор-оқытушылар құрамы және «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының қызметкерлері қатысып, бағалауды қорытындылай келе, К.С.Бактыбаева берілген пәнге оқу- әдістемелік жабдықталуына, сабақ барысында ақпараттық технология мен инновациалық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне өте жақсы деген (141-160 балл) баға берді.

«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының басшысы Ботагоз Калдыбековна Жундибаева.