Бүгін – Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні
Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге тұңғыш рет Англиядағы «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын ағылшын компанияларының бірінде дүниеге келген. Төл теңгеміз биыл 29 жаста. Бүгін – Қазақстанда Қаржыгерлер күні де атап өтіледі.
Экономиканың қаржы секторы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге үлес қосып жүрген барлық қаржыгерлерді төл мерекелерімен құттықтаймыз!