COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / ХТИИ-да «ASK PARTY» мерекелік кеші өтті

ХТИИ-да «ASK PARTY» мерекелік кеші өтті

17 қараша – студенттер күніне орай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты Қазақстан студенттер Альянсы ұйымының ұйымдастыруымен «ASK PARTY» мерекелік кеші өтті.

Көңілді ойын-сауық мерекелік кеші 80-90 жылдар стилінде өтті. Кеште ретро әндер шырқалып, билер мен көріністер қойылды. Сонымен қатар, белсенді студенттер институт ректоры Марат Баяндин алғыс хаттарымен марапатталды.

Аталмыш іс-шараға Жамбыл облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Абдуалиева, Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов қатысты. Сондай-ақ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ҚСА жастары қонақта болды.